Елбасының фермерлік шаруашылықты қолдау арқылы мал шаруашылығын дамыту тапсырмасын орындау нұсқауы жүзеге асуда. «Қазагромаркетинг» АҚ ұйымдастыруымен Қазығұрт ауданында етті ірі қара мал шаруашылығын жүргізу технологиясы және ірі қара малдың экспорттық әлеуетін дамыту тақырыптарында семинар өтті.
Мал шаруашылығында табынды ұдайы өсіру , етті қара мал шаруашылығын жүргізу технологиясы, оның экспорттық әлеуетін дамыту жәйі малмен айналысып жүрген шаруалар үшін таңсық емес. Өз кезегінде ірі қара мал етін өндіруді жоғарылату үшін ең алдымен шаруашылықты жүргізуге жағдай жасалынуы керек деген фермерлер. Мемлекеттік маңызы бар мәселені жүзеге асыруда жергілікті билік те шет қалмауы тиіс деп есептейді олар.
Теориядан бөлек шаруалар «Қарқын 2030» шаруа қожалығының бордақылау алаңындағы мал азығын әзірлеу, ұрықтандыру, күтімі және етті өнімдерді шығару мәселелері бойынша тәжірибе алмасты. Шараға қатысқан Аргентина мен Франция елдерінің мамандары да жайылым, малды баптау олардың санын арттыру бағытында жинақтаған мәліметтерімен бөлісті.
Жан-Пьер Фарри, француздық фермер Қазақстанда жайылым жердің көлемі ұнады маған. Бізде Францияда жайылым жер тапшы. Бірақ бізде замануин үлгідегі ауыл шаруашылығы техникасы қымбат. Алайда осыған қарамастан біз озық технологияларды пайдалану арқылы мал басын барынша арттырып отыруға тырысамыз . Және оның сапасына үлкен мән беріледі. Жерге бай қазақстандық фермерлер мал азығынан күрделіктер көрмейтін шығар. Тек техникаларыңызды жаңалау қажет сияқты. Өйткені жем әзірлеуге арнайы техника қажет
Қазығұрт ауданында өткен семинарға Арыс, Ордабасы, Сарыағаш, Төлеби аудандарының шаруа қожалықтарының төарағалы қатысты. Бұл кездесу Сайрам ауданында жалғасады.Оған өңіріміздің өзге аудандарынан 70-ке жуық фермер қатысуда. «Қазагромаркетинг» АҚ мамандары аптаның соңында Қызылордалық фермерлермен де кездеседі.