Осыдан екі апта бұрын Шымкент темір жол вокзалына жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат таратып, қаншама халықты дүрліктірген азамат белгілі болды. Ол Түркістан қаласындағы №9-шы мектеп-гимназиясының 11- сынып оқушысы болып шықты. Қазір ол полицейлердің бақылауда. Осылайша еріккеннің ермегі әшкереленді. Бұзақылық әрекеті үшін 17 жастағы бозбала жауап беретін болады.