Ордабасылықтар ел ордамызда ерледі. оңтүстіктің аяқдопшылары астаналықтармен шет алаңда кездескен болатын. Бірінші таимның өзінде-ақ Виталий Евстигнеев есепті ашып, ептілік танытты. Содан кейін Дәуренбек Тәжімбетов есепті еселеді. Ойынның екінші жартысында Дәуренбек дубль орындай білді. Нәтижесінде есеп 1-3. Ордабасылықтар енді өз алаңында ақтөбеліктерді қабылдайды.