Ордабасы футболшылары жаңа жыл қарсаңында жиналды

212
Ордабасы алғашқы оқу жаттығу жиынын бастады

Оңтүстіктің спорт тарихында өшпестей із қалдырған ел кубогінің иегерлері бұл жеңістен кейін демалысқа шыққан болатын. Бүгінде олар қайта жиналды. Футболшылар он күн бойында жеңілатлетика манежінде жаттығады.

Команда құрамындағы қазақстандық ойыншылар жаттығуларына қайта кірісті. Олардың арасында бір топ жас футболшылар да бағын сынауда. Мәселен, Самат Отарбаев ордабасының қақпашыларымен бірлесе шеберлігін шыңдап жүр. Ал клуб басшылығы бірқатар алып қашпа әңгімелердің басын ашып берді.

Бағлан Ергешев, «Ордабасы» ФК спорттық директоры: «Бүгінгі жиынға легионерлер ғана келмеді. Өйткені, олар қаңтардың сегізіне Түркияға келеді. Касьянов та, Трайкович және Мвесигма да сол жақта болады. Әшірбеков бір екі күн жарақатына байланысты демалыста, ал Нұрғалиев Ресейде. СОндай ақ үш қазақстандық футболшылармен келіс сөздер жүргізіп жатырмыз. Осы айдың соңына қарай есімдерін атай аламын.»

Команда шабуылшысы Дәуренбек Тәжімбетов команда құрамында қалды, Мұхтар Мұхтаров та Шымкентте. Жалғыз Евстигнеев қана өзге клубты таңдаған. Ал Нұрғалиев болса Ресейлік команданың құрамын толықтырсам деген мақсатта көршілес елде бағын сынап жүр.

 Дәуренбек Тәжімбетов, футболшы: «»Шахтер» командасы шақырған болатын. Алайда, мен Шымкентте қаламын деп жуап бердім. Сөйтіп, келесі маусымды да осында өткізуге бел будым. Әзірге жаттығуларымыз аса ауыр емес, негізгі дайындық Түркияда басталады ғой.»

Бағдаулет Қожабаев, футболшы: «Шақырулар болды. Бірақ, мен өз командамда қалдым. Мен үшін команда құрамының өзгермеуі үлкен қуаныш. ЕНді еуроппалық командалармен бақ таласатын боламыз.»

Бағлан Ергешев, «Ордабасы» ФК спорттық директоры: «Қаңтардың сегізіне Түркияда оқу жаттығу жиынын бастаймыз. Үш ауысым болады. Содан кейін ғана команданың нақты құрамын айта аламыз. Сондай-ақ тағы бес легионермен келіс сөздер жүргізіп жатырмыз. Екі серб, және Мухаммед Арури сондай ақ фин футболшысы да болады. ОЛар Түркияға келеді.»

Команда құрамында анау айтқан өзгеріс болмайды, алайда бас бапкер Виктор Пасульконың көмекшілері ауысқан. Қыран футбол командасының бас бапкері Қанат Мұсатаев бұл қызметке келді.

Наурыздың алтысына Ордабасылықтар шахтермен сынға түседі. Содан кейін еуроппалық ойындарға дайындығын бастайды. Әзірге қай стадионда шет елдік команданы қабылдайтынымыз белгісіз. Өйткені шымкенттің орталық алаңы еуроппалық сапаға сай емес.