«Ордабасы» командасының шабуылшысы мамыр айының үздік ойыншысы атанды

272
Дәуренбек Тәжімбетов мамыр айының үздік футболшысы атанды

Оңтүстіктің «Ордабасы» командасының шабуылшысы Дәуренбек Тәжімбетов sports.kz сайтының сауалнамасы бойынша мамыр айының үздік ойыншысы атанды. Бұл жолы премьер лига командаларының бас бапкерлерімен 14 футболшы епті деген ойыншының есімін атап, дауыс береді.

Нәтижесінде Дәуренбек бірінші орыннан көрінді. Мамыр айында 4 матчта 26 жастағы ордабасылық ойыншы 2 гол соға білген. Сондай-ақ, жаздың алғашқы күні ол Қырғызстанмен өткен жолдастық кездесуде қарсылас қақпасына үш доп соққан болатын. Осыған дейінгі сауалнамада Дәуренбек 11-ші орында болатын.

Ал Европа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» сербиялық «Ягодина» клубының  футболшылармен таласқа түсетін болады. Алғашқы ойын маусымның 5-іне Сербияда өтсе, жауапты матч қазақ жеріне шілденің 12-сіне жоспарланған.