Ярослава Щербакованың жасы бесте. Ол ата-анасының есімін білгенімен, өзінің мекен жайын білмейтін болып шықты. Сондықтан, балаларды бейімдеу орталығының қызметкері Ярославаның отбасын іздестіріп жатыр. Полиция өкілдері қызды Гагарин көшесінің бойында ойнап жүрген жерінен бейімдеу орталығына алып келген. Қырқүйектің 29-нан бері оның ата-анасы ешбір іздеу салмаған.
Сәуле Оңғарбаев, әлеуметтік педагог:
Ярославаны бізге алып келгенде киімі бүтін, өзі де таза еді. Біз тек оның шашын алып тастауға мәжбүр болдық. Анасын да іздеп, жылаған жоқ.
Ярослава Щербаковаға қатысты мәлімет білсеңіз 41-02-67 нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұранамыз.
Қыркүйектің 29-на полиция қызметкерлері 5 жасар Ярославаны бейімдеу орталығына алып келген болатын. Қыз Гагарин көшесінің бойында ойнап жүрген жерінен тәртіп сақшыларының көзі түскен. Бүгінде оның анасы табылды. Лилия есімді келіншек Жаңа Шахар шағын ауданының тұрғыны болып шықты. Алайда бейімдеу орталығының өкілдері Ярославаның анасымен кездесе алмай отыр. Үйіне де сирек келетінге ұқсайды. Оның көршілері арқылы бір қатар мәліметтердің бетін ашқан тәртіп сақшылары, алдағы күндері Ярослава анасымен жолығады деп отыр.