Шымкентте алғаш рет нан фестивалі болып өтті

Күннің салқындығына қарамастан, Шымкентте нан фестивалі жоғары денгейде болып өтті.

Самса, тәтті нан, бәліш тағысын тағылар. Қарап жүріп олардың көптігінен басың айналады. Исі бұрқырап тұр. Бүгін нан сөрелерімен саудаға шыққандардың жолы болды. Өйткені, нан өнімдері күндегіден екі есеге көп сатылды. Бағасы 50 тенгеден жоғары.  Ал бір нан пісіретін наубайхана тіптім нанды 27 теңгеден сатқан.

Біздің өнімге сұраныстың мұншалықты артатынын күтпеген едік. Бүгін танқалып тұрмын дейді сатушы Дильноза.

Бүгін Шымкентте нан фестивалін өткізіп жатқан себеміміз, еліміз рекордтық көрсеткіште яғни 30 миллион тонна астық жинады. Қаламызда 26 наубайхана, 8 астық өндіруші орын бар. Біз барлығын шақыртып отырмыз. Бүгінгі мереке қала тұрғындарының көңілінен шықты деп ойлаймыз дейді. Шымкент қаласы бойынша кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Ғани Құрманбай.

Айтқандай нан бағасы еліміз бойынша Шымкент қаласында ең төменгі. Ал нағыз астық өндірілетін Ақмола мен Солтүстік Қазақстанда оның бағасы 15-20 пайызға жоғары.