Шымкенттік боксшы Украинада топ жарды

224
нокаут

Украинаның Белая Церковь қаласында ұшқыш -ғарышкер Павел Поповичті еске алуға арналған турнир өтті. ХХХ халықаралық жарыста 8 елдің былғары қолғап шеберлері ептілігін байқады. Олардың арасында Қазақстанның жастар құрама командасы да болды. Ел намысын шымкенттік боксшы Сапарғали Тоғызбаев та қорғауға тырысқан болатын. Жерлесіміуз 5 жекпе жек өткізіп, оның бесеуінде де жеңіске жете білді. Ал ақтық сында кубалық спортшыны накаутпен жеңді. Сөйтіп, 56 келі салмақтылар арасында  халықаралық жарыстың чемпионы атанды.

Сапарғали Тоғызбаев – №5 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады,  Қазақстан Республикасының Ұлттық жастар құрамасының мүшесі, спорт шебері болып табылады. Бапкері – Мақсат Әлиев.

Оңтүстіктің бапкерлері бүгінде жастар құрамасына үлкен үміт артып отыр. Өйткнені ересектер жағы көңілден шыға қоймауда. Жуырда ғана өткен  Әлем чемпионатында ұлттық құрамадағы жалғыз шымкенттік боксшы Біржан Жақыпов ақтық сынға дейін жете алмаған болатын.