«Әжелер» 25 жаста

Халықтар достығы үйінде «Сәлем» ұлттық этнографиялық әжелер ансамблі тұрғындарға шығармашылық концертін ұсынды.Көрерменннің көзайымына айналған, сахна сырына сыралғы болып қалған әжелер де іркілмеді, именіп жасқаншақтамады. Сахна төріне көтерілген әжелер Ақан серінің «Қараторғайы», халық әндері «Бір бала», «Ауылың сенің іргелі» әндерін хормен тамылжытты. Ал,ансамбль құрылғаннан бері концертмейстері болып жүрген Қымбат апа әжелерді баянмен сүйемелдеп, олардың әр әннің иірімдері мен нақыштарына тереңірек бойлауына әсем әуендік жағдай туғызды.

Қоғамдық бірлестіктің төрайымы Күмісай Оразованың айтуынша, «Сәлем» ансамблі 1986 жылы дүниеге келіпті. Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдық торқалы тойы қарсаңында әжелер өздерінің 25 жылдығын атап өтті. Қазіір оның құрамында 15 әже өнер көрсетеді екен. Әнші әжелердің ең үлкені сексенге жақындаса, жасы кішісі елудің ауылына енді атбасын бұрған. Олардың дені көп балалы, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып отырған ардақты аналар, немере сүйіп отырған сүйікті әжелер.

Сондықтан, өмірлік тәжірибесі мол ақ жаулықты аналар өз көрген білгенін кейінгі ұрпаққа қалдырмақ ойда. Яғни, бұл салт-дәстүрге бағытталған шашу, бесіктой, байғазы, тұсау кесер, көрімдік осы сияқты жөн-жоралғылар әжелердің қатысуымен өтеді.Әжелер басты мақсатымыз-халықтық, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрді, халық әндерін насихаттаушы дейді.

Әнші, ақын әжелеріміздің репертуарында әндер аз емес. Олар көбіне сирек айталатын халық және қазақ композиторларының әндері. Олар 25 жыл деп тоқтамаймыз. Әлі де болашақта әндерімізбен халықты қуантып, ұмытылып бара жатқан дәстүрге сценарилер жазып репертуалларын толықтырмақ ниетте.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz