Бұл мәселе үкімет деңгейінде қаралып жатыр. Бірақ зауыттың қала сыртына көшіру шешілген мәселе. Алайда ол тек 2013 жылы жүзеге аспақ. Мұндай мәлімдемені ОҚО-ның өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының бөлім бастығы Хикматулла Райымбеков жасады.
Қазір Елбасының тапсырмасына сәйкес зауытты көшіру жоспары дайындалуда. Үкімет облыс әкімшілігі дайындаған материалды қарап жақын арада шешім шығарады. Жобамен оның болашақта орналасатын орны, дайындығы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда дейді Х.Райымбеков.
Шымкенттік қорғаcын зауыты 1934 жылы ашылған болатын. Жыл өткен сайын қаланың өсуімен аталған нысан қаланың нақ ортасында қалып қойды.