Әсіресе қыстыгүні бет терісі аса көп күтімді қажет етеді. Суық ауа райында тері қатайып, қызарып, құрғап кетуі мүмкін. Сондықтан ажарыңыз әдемі, бетіңіз жұмсақ болсын десеңіз немесе тері құрғақ әрі майлы, ең бастысы майда әжімдер маңдай мен көз айналасында пайда бола бастаса, қатты арнайы майларға шығынданбай-ақ үй жағдайында маска дайындап, қолданып көріңіз. Ол үшін бізге керегі — күнделікті қолданып жүрген мұздатқыштағы көкөністер.
Майлы теріге арналған маска:
1. Қиярдың 3/1 бөлігі
2. Алманың 3/1 бөлігі
3. Жұмыртқаның ағы
4. Лимон қышқылы
5. Мандарин
Құрғақ теріге арналған маска:
1. Қаймақ: 1 ас қасық
2. Бананның 3/1 бөлігі
3. Қиярдың 3/1 бөлігі
4. Жұмыртқаның сарысы
5. Әсел: 1 шай қасық
Қолымыздағы бар затты арнайы кескіштен өткізіп, араластырамыз. Дайын езіндіні күніне екі рет бетке жағып, 15 минуттан соң жылы сумен шайып тастаймыз.