Бұл жөнінде ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмаилов мәлімдеді. Бас дәрігер науқастарға дәрінің бәріне жететінін айтып көңілдерін жұбатуға асықты.
Жұмағали Исмаилов: «Әбігерге түсудің ешқандай қажеті жоқ. Бұл жөнінде сіздерге жылда айтып отырамыз. Бізде амбулатуралық деңгейдегі науқастар екі топқа бөлінеді. Олардың бір бөлігі дәрілерді 50 пайыздық жеңілдетілген бағада алатындар. Міне осы топтағы науқастар дәріні тегін алатын болды».
Мемлекеттік тапсырыс енгізілген медициналық мекемелерде кез келген тұрғын тегін тексеруден өте алады деп өз сөзін толықтырды ОҚО денсаулық сақтау департаментінің басшысы.