Шымкенттік диқандарға жеңілдетілген бағада дизель отыны беріледі

37

Биылғы көктемгі дала жұмыстары және күз мезгіліндегі жиын терімге шаруаларға қажетті дизель отыны жеңілдетілген бағамен беріледі. Бұл мәселеде ешқандай күрделіктер туындамайды деп сендірді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы кәсіпкерлік палатада «Жанаржағармайдың тапшылығын болдырмау» тақырыбында өткен ауқымды жиында.

Абунасыр Жанбатыров, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы: «Пайдаланылмаған ЖЖМ, қысқарған егістік көлемінің есебінен биыл 1 мың  тонна дизель отыны қажет 500 тонна көктемге, 500 тонна күзге. Таратушы оператор белгіленді, 1 литрі 200 теңгеден босатылады. Энергетика және ауыл шаруашылығы министрлігімен бұл мәселе  мәселе келісіліп қойған».

Ескеретін жәйт, ағымдағы жылдың 1-25 наурыз аралығында Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізеді.