Шымкенттің ауыр атлетика шеберлері ел чемпионатына дайындалуда. Сергей Истомин соңғы рет Әлем чемпионатында ауыр салмақты бағындыруға тырысқан болатын. Францияда ол алтыншы орыннан көрінді. Жарақатының салдарынан жүлделі орындар үшін таласқа түсе алмады.
Сергей Истомин, ҚР құрамасының мүшесі: «Жаттығу кезінде қателіктер кетті деп ойлаймын. Негізгі жоспарды орындай білдім, алайда өзімнің көрсеткішіме риза емеспин. Мамыр айына дейін жұлқи көтеруде екі жүзді, ал сілтей көтеруде 235 келіні бағындырсам деп отырмын»
Сергейдің жоспарды орындай білетініне оның бапкері Махмуджан Мусаев сеніммен қарайды. Өйткені жаттығу кезінде ол жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Ал Әлем чемпионатында шымкенттіктердің жүлдесіз қалуының өз себебі бар дейді маман.
Махмуджан Мусаев, ауыр атлетикадан ОҚО бас бапкері: «Әйелдер арасында Жазирамен Александраның салмағында қарсыластық мықты болды.»