Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ОҚО Бәйдібек ауданындағы үш елді мекенге таза ауыз су берілді.
Осылайша Шалдар, Мәдениет, Қосбұлақ ауылының тұрғындары көптен күткен қуаныштарын көпшілікпен бөлісті. Облыстық бюджеттен қаржыландырылған үш ауылдың ауызсу құбырының құрылыс жұмыстарын Т.Жұмабеков басшылық ететін «Құрылыс-ТА» ЖШС-і жүргізген.
Шалдардағы 230 үйді, 72 отбасы өмір сүретін Мәдениет ауылы мен 480 адам тұратын Қосбұлақ ауылын мердігерлер дер кезінде аяқталған жұмыстарымен қуантты.