Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында 6 көше, 48 аула аумағын су басты

33

Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты соңғы ақпарат бойынша 3 ауданда Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында 6 көше, 48 аула аумағын су басты.

Қазіргі таңда тиісті сала қызметкерлері оның ішінде полиция қызметкерлері де халыққа жәрдем беру мен суды айдау жұмыстарын жүргізуде.
Жаңбыр суын сору және бұру жұмыстары шұғыл атқарылуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Аталған жайтқа байланысты Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы М.Қабденовтің тапсырмасымен жеке құрам жұмылдырылды.