Тай елінің Бангкок қаласында үстіміздегі айдың 25-27 -сі аралығында жалауы көтерілген лицензиялық турнирде Таэкван-до-дан ел намысын қорғаған жерлестеріміз Нұрсұлтан Мамаев пен Феруза Ергешовалар күміс алқаны мойындарына тағып, 2012 жылғы Лондонда өтетін жазғы олимпиада ойындарына лицензияны қанжығыларына байлап қайтты. Белігілі Таэквандошы 5-ші дан иегері Шадияр Қондыбаев басқаратын ОҚО жекпе-жек түрлерінен жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің түлектері осылайша ел үмітін айтарлықтай ақтап қайтты.

Аталған лицензиялық байрақты бәсекеде Феруза Ергешова 73 келіде сынға түсе, Нұрсұлтан Мамаев 53 келіде күш сынасқан болатын. Қос бірдей қуаныш сыйлаған спортшыларымыздың бұл жетістігі алғашқысы емес дейді –дейді мектеп директоры.

Феруза Ергешва 2010 жылы елордамыз астана қаласында әнұраны шырқалған таэквандодан азия чемпионатында топ жарса, Аспан асты еліндегі азия ойындарында (Гуанчжоу) күміс алқаға қол жеткізген болатын. Ал, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Н. Мамаев 2010 жылы Сингапурде өткен 1-ші жастар олимпиадасында жүлделі екінші орынды иеленіп, ел қоржынына салмақты күмі алқаны салып берген болатын.
Осы ретте барша оңтүстікқазақстандық спорт суйер қауымды қуаныштарымен құттықтай отырып, қос бірдей спортшымызға алдағы тұманды қала Лондонда өтетін олимпиада еліміздің көк байрағын аспан тұғырына қалықтатып, алтын алқамен оралуын тілейміз.