Жас таэквандошылар алтынды қанжығасына байлады

391
Шымкенттіктер шығыс жекпе -жегін бағындыруда

Жеткіншек таэквандошылар облыс қоржынын 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен толықтырды. Бұл жолы Республикалық сынақтың жеңімпазы атану үшін 300-ден астам спортшы қатысыпты. Олардың арасында 26 шымкенттік таэквандошы да болды. Енді жерлестеріміз кезекті жарысқа дайындық үстінде.

Владислав Хан, жаттықтырушы: «Жеткіншектер үшін мұндай жарыстардың маңызы зор. Өйткені, ең бастысы оларды психалогиялық тұрғыда дайындау. Жеңіспен сәтсіздіктерге төтеп беруге үйрету. Бұл жоспар орындалды деуге болады. Жеңіп алған 3 алтын медаль осының айғағы деуге де болады. Оның үстіне біздің жаттығып жүргенімізге 4 жыл ғана болды. Бұл біз үшін үлкен жетістік».