Палуандар Қарағандыдан олжамен оралды

236
күміс жүлде иегері

Дзюдо бойынша Қарағандыда өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары белгілі болды. 12-13 жастағы палуандар арасында ұйымдастырылған жарыс елімізге еңбек сіңген бапкер Айдархановты еске алуға арналған еді. Дода барысында Юрий Черепановтың шәкірттері де ептілігін байқатты. Нәтижесінде оңтүстіктің қоржыны 4 күміс және 2 қола медальмен толықты.

Байрақты турнирде еліміздің барлық облыстарынан және де Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Украинаның палуандары  бас жүлде үшін сынға түсті. 6 елдің 500 спортшысы белдесіп, 55 келі салмақта Самат Тұрғынбаев күмістен алқа тақты. Сондай-ақ, Жасур Атаметов, Асылжан Сейдауова және Самат Рүстемов екінші орыннан көрінді.

Самат Тұрғынбаев осыған дейін де бірнеше халықаралық жарыстарға қатысып, 3 алтын медальға қол жеткізген болатын. Енді жерлесіміз бұдан да ірі турнирлер де топ  жарсам деп отыр.