Халық жаңалығы 

Састөбеде су жоқ, ал оңтүстіктегі «ауыз су жылы» бір айдан соң аяқталады

ОҚО Түлкібас ауданындағы Састөбе ауылының тұрғындарына тәулігіне екі сағатқа ғана су беріледі.  Жергілікті әкімдік халықты 6 сағат сумен қамтып отырмыз дейді. Тұрғындар болса, көбіне тіршілік көзін ауыл жанындағы көлден таситынын айтып отыр. Бір қызығы, жергілікті халық тұтынған суы үшін ақы төлейді. Әйтпесе, екі үш күндеп таза ауызсусыз қалуы мүмкін.

Суы жоқ ауылдың, жолының да жетісіп тұрғаны шамалы. Мұндағы Жеңіс (Победа) көшесінде жаңбыр жауды дегенше, жұрт балшыққа батады.

Састөбе ауылдық округінің әкімі Кәрімжан Жақсылықов ауылдағы барлық мәселе 2012 жылы толық шешіледі деп сендірді. Айтуынша, үш жылға жоспарланған «Тазасумен қамту» бағдарламасының бітуіне әлі бір жыл бар. Бөлінген қаржының бәрі қазір игерілу үстінде. Ал жолдың жәйі халықты сумен қамтып болған соң шешіледі.

Бар қиындық бір жылда шешілсе, оны да асқан төзімділікпен күтуге бар Састөбелік ағайынның. Тек шыдамның да шегі барын ұмытпағанын қалайды ондағы жұрт. Бірақ тұрғындар тазаауызсу 100 пайыз және 24 сағат берілмейінше, үйрек ұшып, қаз қонған жақын маңдағы көлшіктен шөл басуға мәжбүрміз дейді. Әрине, бұл судың экологиялық тазалығына ешкім жауап бермесі анық.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz