Бұл туралы хабар ОҚО ІІД-не 17- қараша күні сағат кешкі 18:50-де келіп түседі. Оқиға орнына Әл-Фараби аудандық және патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел жеткен.
Белгілі болғандай, қылмыстық іс-әрекет 4-қабаттағы «Ева» кафесінде болған. Ал онда тек лифт пен қызмет баспалдағы арқылы ғана көтерілуге болады. Қолда бар мәліметке қарағанда, залда екі жас жігіт демалып отырған. Олар ағайынды егіздер 18 жастағы Мақтаарал ауданының тумасы болып шықты.
Оқиға орнында болған жайтты бізге былай жеткізді. Ащы суға тойып келген жас жігіттер ұрыс шығара бастайды. Қонақтарды тыныштандыруға тырысып баққан даяшының сөзін елемеген оларға 28 жасар кафенің әкімшісі араласады.Осы кезде оның жүрек тұсына екі рет пышақ ұрылады. Суық қаруды ағайындылардың қайсысы қолданғаны зерттеу сараптамасынан кейін белгілі болады.
Күдіктілерді полиция қызметкерлері оқиға орнында ұстап, бөлімшеге алып кетті. Екі жас та наркологиялық сараптамаға жіберіліп, одан әрі Әл-Фараби аудандық тергеу шараларын жүргізу бөліміне жеткізіледі. Болған жайға түсіру тобын жібермеді. Бірақ біз ақпаратты сенімді адамдардан алдық.