Құтқарушылар отрядына Шымкент қаласының Желтоқсан көшесінен дабыл келіп түсті. Монтаждау жұмысын жүргізу барысында «W-Telekom» ЖШС-нің қызметкері зардап шеккен.
23-жасар монтаждаушы жігіт қызметтесі екеуі антена орналастырып жатқан. Неге екені белгісіз ол №20-шы «а» үйдің шатырынан көрші үйдің шатырына өтпек болады. Ал екі үйдің арасындағы саңылауға бір ғана шифер төселген. Оның асты ашық қуыс екен. Алайда бұл қауіпсіз жағдайды ескермеген ол шифермен өтіп бара жатып, абайсызда құлап кетеді.
Бақытқа орай жас жігіт аман қалды. 15 метрге құлаған оны құтқарушы топ арнайы жіпке байлап жоғарыға алып шықты. Ал жедел түрде оқиға орнына жеткен дәрігерлер алғашқы тексеру жүргізіп, оның амағандығын анықтап берді.