Жылудың сапасын «Нұр Отан» ХДП өз бақылауына алды

185

Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлерге берілетін жылудың сапасы туралы әңгіме жыл сайын қайталануда. Оның себеп салдарын  «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының бюросы талқыға салды.

«Нұр отан» ХДП жылу берушілерге қойған басты кінәраты жылу маусымы аяқталысымен магистралдық жүйедегі суды төгіп техникалық талптардың бұзылуына жол беретіндіктерін алға тарты. Ол бірінші кезекте құбырлардың ішін тотандырып қайта су жібергенде бүкіл жүйеде тығын пайда болады. Одан қалса көпқабаты үйлердің жертөлелеріне жөндеу жұмыстарын жасағанда жұмыс сапасын тексеру мүмкіндігі болмайды.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жылуға жарымай отырған 40- тан астам көпқабаты үй бар. Оның көпшілігі жылыту маусымына жүйелерін өз күштерімен дайындағын тұрғындар. Шымкент қаласы бойынша орталықтандырылған жүйеден жылу алатын 1737 көпқабаты үйдің 580-ін «3- Энергорталық» 400- ге жуығын «Қуат жылу орталығы», ал 900-ден астамы тұрғындардың есебінен дайындалған  жылуға жарымай отырғандар да сол тұрғындардың дайындаған үйлері жайында. Жылуды пәтерге дейін жеткізу жылу беруші 3-Энергоорталыққа жүктелгені жөн деген тоқтам жасалынды.