Жаңалықтар 

«Қайнар бұлақ» саяжайы тұрғындарының үй кітапшасы төңірегіндегі проблемалары шешілетін болды

Тұрғындар енді ұзын сонар кезекке тұрмай-ақ үй кітапшаларын дұрыстай алады. Бұл үшін қалаға барудыңда қажеті жоқ.

9-желтоқсан күні «Қайнар бұлақ» саяжайындағы №83 орта мектебінде Халыққа Қызмет Көрсету орталығының көшпелі бекеті өз жұмысын жүргізбек.

Бұл үшін саяжай тұрғындары өздерімен бірге үй кітапшасының түп нұсқасын және жеке басты растайтын құжатын алып келу керек.

Халыққа Қызмет Көрсету орталығынының көшпелі бекеті 20 шы желтоқсанға дейін демалыссыз таңғы сағат 9.00 ден 18.00 ге дейін жұмыс жасайды.

Related posts