160 керуертті қоюға мәжбүр болған бейімдеу орталығы, бұл күнде баспанасыз жүрген қаңғыбастарды сыйғыза алмай әлек. Өйткені мұнда қауірт дегеннің өзінде 130 керуерттен артық қойылмауы керек еді. Оған кінәлі бұрын соңды Шымкентте болмаған соңғы күндердегі аяз. Түнде термометр -20 градусты көрсетеді. Ал далада тұратындар бұл суыққа шыдай алмастан, амалсыз осы орталықты паналауда.
«Адамдар күннен күнге көбею үстінде»,- дейді уақытша бейімдеу орталығының бас дәрігері Әлібек Токлаев, «Көше кезгендер өз аяқтарымен келуде, мойындау керек, соңғы уақытта «жедел жәрдем» де, полиция қызметкерлері де ешкімді алып келіп жатқан жоқ. Барар жері, басар тауы болмаған соң бізден басқа кімге барсын? Тұрғындар подьездеріне дейін құлып салып, жертөлелерін жауып, үйсіздерге жолды жапты. Сондақтан біздің орталық әзірге жансақтайтын жалғыз орын болып тұр.»
Ал мына Володя есімді ағатайды өз ұлы әкелген. Жас жігіттің не үйі, не жұмысы жоқ. Өзі бір ауданда уақытша жұмыс бергендерді паналауда. Әкесін көрмекке келген жігіт, оны әзер тауып алған. Қу арақтың соңынана кеткен әкесін өз қолымен орталыққа өткізіп барады.
«Бір уақыттары Леңгірде үйіміз болған еді»,- деп есіне алған Владимир,- «Әжем өмірден өткен соң, әкем сатып, ақшасын ішіп қойды. Содан өзі сияқты бізде ағам екеуміз қаңғыбас атандық. Біз жаспыз ғой, өзіміз жұмыс тауып, күнімізді көріп жатырмыз, ал әкеміз ондай істей алмады. Ағам да, мен де оны өзімізбен бірге алып кете алмаймыз- жұмыс берушілерге артық ауыз адам керек емес. Ақкөңіл жандар әкемізді осында әкелуге кеңес берді. Осылай істемеске амалым жоқ, бір күні өлігін де таппай қалармын.»
Дәрігерлер кезекті келушіні тексеріп боламын дегенше, орталыққа паналауға келгендердің саны күрт өсіп кетті. Қаһарлы қыс ауасында жаурағандары соншалық, олар орталықтың қатаң тәртібіне көніп отыр.
Қыстауға орталықтың тұрақты келушісі Ася да жетті. Қолында шіркеу қызметкерлерінің хаты бар.
«Бұл хатқа қарсылық білдіре алмаймыз»,- деген бас дәрігер шіркеу қызметкерлері орталықтың келушілеріне үнемі материалдық көмек көрсетіп отыратынын жеткізді. Олар дәрі-дәрмек, киім-кешек беріп қана қоймай, қиыншылыққа төтеп бере алмай араққа салынғандармен сөйлесіп, түзу жолды меңзейтін көрінеді.
Біз барлығын жылы киіммен қамтамасыз ете алмаймыз. Сондықтан жомарт жандарды көмек беруге, қолын созуға шақырамыз дейді орталықтың қызметкерлері. Артық ыдыс тамақ табылар-ау, бірақ артық киімге келгенде шамалары жоқ екен. Өйткені бюджеттен оған қаржы қаралмаған. Былтырғы қыста 190 үй-күйсіз жүргендерді қабылдапты.
Қыстың қатты болатынын сездерген мына күндерде әлі де бұл адамдардың толассыз есік қағатынына сенімді олар.
«Мұндай жандарды толық қамтамасыз ету үшін, үлкен ғимарат керек»- дейді бас дәрігер,-«бірақ бізге ондай жағдай қарастырылмаған. Тек келер жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді екенбіз».
Орталықтың 130 орны өыс ауасында облысымзға қарасты өзге де аудан-қалалардан ағылып келетін қаңғыбастарды қамти алмайды. Керек десеңіз, сыймайды олар. Сондықтан бізге көмек керек деп отырған бейімдеу орталығы бұл өтініштерінің ертелі-кеш қабылданатынына сенеді.