Ұлттық банкі «Шығыс күнтізбесі» сериясынан «Ұлу жылы» алтын және күміс монеталарды шығарды. Ал Номиналы 500 теңге шақалар айналымға 2011 жылдың 20 желтоқсанында енгізілді.
Ұлттық банк мәлім еткендей, шақалардың пішіні он екі қырлы. Олардың бет жағында яғни, орталық бөлігінде аспан әлемінің жұлдыздар картасындағы жұлдыздар тобының мифологиялық символдары бейнеленген.
Сондай-ақ монетаның қандай металдан дайындалғандығын, оның сынамасы мен салмағын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» жазбасы орналастырылған. Монетаның жиегіне айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген ойыңқы жазу және күннің стильдендірілген бейнесі орналастырылған.
Монеталардың сырт жағында орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2012 жылдың символы — айдаһар бейнеленген. Айдаһардың үстінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасыпты. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілді, оның үстіне айналдыра монетаның соғылған жылын білдіретін «2012» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген ойыңқы жазу орналастырылды.
Күңгірт жиектің ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналастырылыпты. Қыры тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ. Ескерткіш монеталар 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы 31,1 грамм, сипатталған шеңбер диаметрі — 38,61мм, дайындалу сапасы — «proof», таралымы — 5 мың дана.