Естеріңізде болса, қыркүйек айында Шымкентте нысан ұжымға ресми түрде берілген болатын. Енді міне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өнерпаздар қоныс тойын атап өтуде.
Бұрынғы Шымкент кинотеатрында көрермендерге әзілден тарту жасалды. Бұл күні сатира майталмандары Жүсіп Ақшораев пен Уәлибек Әбдірайымовтар сахнаға шығып, әріптестерін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Қазіргі таңда аталған театрда 25 жас актер еңбек етіп келеді. Олардың өздеріне бөлінген рольдері де бар. Алайда әзілкештер сахна үлкен қойылым шығаруға тарлық ететін тілге тиек етті. Дегенмен өнерпаздарымыздың әзірге барға қанағат етуіне тура келеді.