Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында 54 отбасы қуанышқа кенелді. Бұл азаматтардың барлығы бірнеше жылдар бойы пәтер кезегінде тұрғандар. Нұрсат шағынауданындағы 9 қабатты үйдің құрылысы аяқталып, баспана тауқыметін тартқан отбасылар жаңа пәтердің кілтін алды.
Жаңа жыл қарсаңында жаңа пәтердің кілтін алған ҰОС ардагерлері, көпбалалы отбасы және кезектегілердің қатарында жалғыз Ауған соғысының ардагері бар. Шымкент қаласы бойынша өткен жылы 60 отбасы коммуналдық пәтерге ие болған еді. Биыл 54-не кілт тапсырылды. Қала басшысы алдағы жылы пәтер санын 100-ге жеткізуді жоспарлап отыр. ол үшін қажетті қаржы да қаралған.
Әрине мұнымен баспана кезегінде тұрғандардың мәселесі толығымен шешілмейді. Дегенмен, осы бағдарлама бастауын алған екі жылда азаматтарымыздың болашаққа деген сенімі артқаны даусыз.