Қазақстан бойынша тегін байланыс. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айынан бастап, халық үшін бір жүйелік тегін дәрі-дәрмек туралы ақпарат беретін байланыс ашылды. Ақпараттық орталыққа 8 800 080 88 87 сымтетігі арқылы хабарласуға болады.
2011-2015 жылдары ҚР денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі жаңа бағдарлама ауқымында елімізде жеңілдіктер белгіленген және тегін берілетін дәрі-дәрмектерді таратумен айналысатын дәріханалар саны көбейтілетін болады.
Бұл жөнінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Лариса Пак хабардар етті. Оның айтуынша, емделушілерге дәрілерді таңдау құқығы беріледі. Сонымен қатар, емделушілер қай дәріханадан дәрі алу керектігін өздері таңдау жасау құқығына ие болады.