Американдық мұғалім Айлер Трэвис Джон өлімінің сырын химикалық сараптама арқылы анықтайтын болады. ОҚО ІІД баспасыз қызметінің хабарлауынша, бұл токсикоманияның тағы бір нұсқасын растауға немесе тізімнен шығаруға мүмкіндік береді.
Айта өтейік, бұған дейін технологиялық және биолгиялық сараптама жүргізілген болатын, алайда Тілдер Академиясының мұғалімі неден қайтыс болғанын айғақтайтын, өлімнің сырын ашуға негіз боларлықтай нақты нәтиже болмағандықтан қайта тексеру қажеттілігі туындаған.
Шымкентте ұстаз бірнеше жылдан бері пәтер жалдап тұрған. Оның мәйіті 2-желтоқсанда өз үйінен табылған. Төбелес пен ұрыс-керістің, қашуға тырысу сынды белгілер жоқ, пәтерден ешқандай зат та ұрланбаған. Жұмбақ тудырған жағдай — марқұмның басына целлофанды пакет оралған.
Қаза тапқан 23 жасар азамат Оңтүстік Каролинаның тумасы. Отырар.кz/kaz/ интернет сайтқа тынымсыз хат жазып жүрген достарының айтуынша, ол қайырымды, үнемі өзгелерге қолұшын созып, көптеген шымкенттік жастарға тегін ағылшын тілін үйреткен екен.