Жаңалықтар 

Ауыл шаруашылығы министрі Шымкентке ат басын бұрды

Министр алдымен облыстық ветеринарлық зертханаға ат басын бұрды. Мұнда аса қауіпті ауру малдармен және үй жануарларынан жұқтырған тұрғындардан сараптама алынады. Зертхана заманауи үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Асылжан Мамытбековті олардың істегі қолданысы қызықтырды. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы жануарларының профилактикасы және диагностикасы бойынша 1 млрд. тан астам қаржы қаралып, оның ішінде 14 аса жұқпалы аурулардың алдын алуға вакцина бөлініп 11 айда жоспар бойынша аса жұқпалы аурулардың барлығы 100 пайыз орындалып, егу жұмыстары жүргізілді.

Қанатбек Оспанбеков, ОҚ О ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы: «Ауруға қарсы 1477,6 мың бас ірі қара мен 6225 мың ұсақ мал егілген. Маусым айында ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің арнайы өкілдерінің ауыл шаруашылығы жануарларынан қан мен сілекей сынамалары алынып тексерілді. Қортындысы бойынша диагноз дәлелденбеді.»

Заң талаптарын бұзғандарға аумақтық инспекциямен бірлесе тиісті шаралар қолданылады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл бруцеллезбен бірінші рет ауырған адамдардың саны 66 пайызға кеміген.

Related posts