Оңтүстік Қазақстан облысы Сырдария өзеніне батып кеткен балықшылардың бірінің денесі 6 күннен кейін табылды.
ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 17 желтоқсан күні кешке, гидроэлектр станциясынан ағыс бойынша 2 шақырым жерде моторлы қайықпен балық аулау барысында 22 және 40 жастағы екі азамат суға батып кетті.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің 6 сүңгуіршісі мен Шардара стационарлық құтқару бекетінің 5 сүңгуіршісінің көмегімен 22 желтоқсан күні балықшылардың бірінің денесі су бетіне шығарылды.
Екінші азаматтың денесін іздестіру жұмыстары жалғастырылуда.