Ауылды жерлерде бокспен шұғылданып жүрген жеткіншектер Шымкентте ептілігін сынға салды. Облыстық спартакиада бұл жастарға үлкен мүмкіндік. Өйткені осындай жарыстардың қорытындысы бойынша оңтүстіктің құрама командасы жасақталынады. Республикалық турнирлерге жол ашылады.
Жеңілатлетика манежінде өткен турнирде 300-ден аса боксшылар жиналды. Бұрын соңды мұншама спортшы болмаған — деп бапкерлер таң қалуда.
Бұл аудандарда спорттың бұл түріне деген қызығушылықтың артқанын айқындайды. Тіпті шалғай ауылдардан да былғары қолғап шеберлері де чемпион атану үшін таласқа түсті. Бір апта бойында сынға түсіп, нәтижесінде Сайрамның боксшылары бірінші орыннан көрінді, ал командалық сынақта екінші сатыны «Ордабасы» ауданының боксшылары еншіледі. Чемпион атанған жеткіншектер Республикалық жарыстарға дайындығын бастайды. Ал жүлделі бола алмаған боксшылар жаттығуларын ары қарай жалғастырып, келесі жылы облыстықө спартакиадада бағын кезекті рет сынап көреді.