Еуро құлдырап барады

Еуроны сақтап қалуы үшін еуропалық көшбасшылардың бір апта ғана уақыты бар. Өйткені, жаңа жылға дейін аталмыш валюта түрі қолданыстан мүлдем жоғалуы мүмкін. Бұл әлемдегі екінші ғаламдық дағдарысқа байланысты орын алып отырған жағдай.

Бұл ретте ұлттық банктің облыстағы филиалы аталмыш валютаны өткізуде өзгерістердің барын айтады. Мамандар 2 айдың ішінде еуроны сатып алушылардың екі есеге дейін азайғанын байқаған. Бірақ, алдын ала болжам жасауға болмайды дейді олар. Өйткені, Еуроның бүгінгі тағдыры жайлы әлемдік сарапшылардың өзі пікір білдіре алмауда.

Валютаны бақылаушылар Еуроның жоғарғы курсын осы жылдың сәуірінде — 210 теңге, 32 тиын, ал ең төменгісі қаңтар айында — 197 теңге 20 тиын болғанын байқаған. Мамандар оның қазіргі деңгейі 193 теңге 36 тиынға дейін құлдырады дейді. Дегенмен, қаладағы валюта айырбастау бекеттері жағдайды соншалықты ушығып тұр деп санамайды.

Бұрыннан-ақ, доллардың дәурені жүріп тұрғанымен, валютаның Еуро аталмыш түрі көбінесе, екінші деңгейлі банктерде айналысқа түсетін. Десе де әлемдік сарапшылар Еуропадағы кедей саналатын бірқатар мемлекеттердің мәселесі шешілмейінше, Еуроның еңсесі түскені түскен деп болжауда. Ал бұған батыстық саясаткерлер әзірге көз жұма қарауда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mFOR2hz_1L4[/youtube]