Келесі жылдан бастап Шымкентте жағажай футболы қолға алынады

205
Бұл жастар ОҚО футболының болашағы

Бұл №7 футбол мектебінің директоры Нұрлан Орынбаевтың уәдесі. Биылдың өзінде олар республикалық сынға қатысып, спорттың бұл түрімен танысып қайтқан болатын. Келесі жылы арнайы спорттық алаңша да ашылады деп күтілуде.

Нұрлан Орынбаев, №7 футбол мектебінің директоры: «Жағажай футболының ережесі де, тіпті добы да өзге болып келеді. Биыл алғаш рет жарысқа қатыстық. Жаман нәтиже көрсетпедік деп ойлаймын. Енді келесі жылы «Биік» футбол кешенінде алаңша ашылса, сол жерде жаттығып жүлделі орындар үшін таласамыз. Шардараның жағалауында да дайындалуға мүмкіндік болады деп жатыр. Оны уақыт көрсетер.»

Жеткіншектер №7 футбол мектебінің үміті. Спорт ордасының алғашқы түлегі. 16 жастағы футболшылар да алға қойған жоспарды орындап, бапкердің үмітін ақтап отыр. Екінші лигадағы ересек командалармен де сынға түсіп, төртінші орыннан көрінді.

Нұрлан Орынбаев, №7 футбол мектебінің директоры: «Биылғы маусым 16 жастағы футболшылар үшін сәтті болды деуге болады. Команда құрамындағы жеткіншектер де шеберлігін шыңдай түсті. Қосалқы құрамға шақырып жатыр, алайда оларды әлі де жас деп отырмыз. Дайындық қажет, сондай ақ Жансерік және Жантөре есімді ойыншылар ұлттық құрамаға шақырылды. «

Жарыста 13 жастағы шәкірттері де топ жара білді. Ел чемпионатында бас жүлдеге ие болып, олардың үшеуі бразилиялық маманның арнайы тізіміне ілінді.

Нұрлан Орынбаев, №7 футбол мектебінің директоры: «3 футболшымыз тізімге ілінді дейді, әлі нақтыланбаған. Наурыз айында іріктеуден өтеді. Бірақ, мамандардың сөзіне сенсек бұл жеткіншектердің болашағына үміт артуға болады. Сондай ақ 15 жастағы ойыншыларымыз да Таразда өткен ел чемпионатында екінші орыннан көрінді.»

Бірінші лигада ептілік таныту. Футбол м