Жаңалықтар 

Мәскеу қаласындағы Дариға Назарбаеваның концерттік кеші

Ресей Федерациясындағы Қазақстанның елшілігі Еліміздің Тәуелсіздігіне орай Мәскеу қаласында үлкен концерттік кеш ұйымдастырды. Аталған кешке аты әлемге белгілі ғарышкерлер және Ресеймен Қазақстанның құрметті меймандары шақыртылыпты.

Мемлекеттік Академиялық театрда Дариға Назарбаеваның өнер көрсетуі шырайын ашты.

Владимир Шаталов, ғарышкер: «Менің өмір жолым Қазақстанмен байланысты. Мен ұзақ дайындалып тек үш рет қана ғарышқа ұштым. Содан кейін 20 жыл жас ғарышкерлерді дайындадым.

Кеш қонақтары арасында: Ресей өнерінің майталмандары: Маршал Язов, Иосиф Кобзон, Александр Буйнов, Анита Цой, Филипп Киркоровтар болған.

Филипп Киркоров: «Мен үшін Қазақстан өте қонақжайлы халық. Өйткені алғашқы концерттік кештерімді мен сол елден бастадым. Ал Президенттің отбасында мен жиі қонақта болып тұрамын. Олардың қуаныштарында өнер көрсету мен үшін үлкен мәртөбе.

Заутбек Турисбеков Қазақстанның Ресей еліндегі елшісі.
«Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы ол бүкіл бір кезең» Алғашқы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен біздің ел үлкен биік белестерге қол жеткізді. Алдағы уақыттада Ресеймен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынас ынтымақтастық байланыс нығая түсетініне мол сенімдімін.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz