Шымкенттік ең жас «Мегаполис » атты би тобы жаңа жыл алдын есеп беру кешін өткізді. Көрермен назарына бір жыл бойы өнер ұжымының дайындаған билері ұсынылып келген қонақтарды ерекше сезімге бөледі.Олардың арасында шығыс биі,сезімтал Румба, Ча-ча-ча, кішкентай қуыршақтар биі, джаз, үнді, клубтық билер. Ал мерекелік кешті өнерлі ұжымның ең кішкентай бишілері ашты.
Топтың жас жетекшісі Анастасия Самсонованың қуанышында шек жоқ. Біз осылайша үлкен залға халықты лық толтырғанымызға қуанып тұрмыз. Бұл біздің жылдар бойғы еңбегіміздің заяға кетпегенін дәлелдейді. Бүгін сахнада өнер көрсеткендердің жасы 5-тен жоғары дейді ол.
«Мен биге шамалы ертерек келмегеніме өкінемін. Сахнада өнер көрсеткен маған қатты ұнады. Аздап қобалжығаным болмаса,барлығы ойдағыдай өтті» деп ой бөлісті аталған би ұжымының мүшесі Татьяна Миненко.
Концерттік кеш жарты сағаттай болды. Ал бишілер өз кезегінде келесі жылы да осы сахнада өнер көрсететін болып тарқасты.