Қоғамдық көліктің сапасы қандай?

16

Қазақстанда жолаушылар автопаркі ескірген. Еліміздегі қоғамдық көліктердің 35%-ының қолданыста болғанына 20 жылдан асқан. Еліміздегі автобустардың 3/1 бөлігі 20 жылдан бері жолаушы тасымалдайды. Бұл автопарктердің ескіріп жатқанының белгісі. Ал қазір қолданыстағы жаңа автобус саны 8 мың.

Арсен Шакуов, жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының басшысы:
«Бұл азаматтардың жеке көліктерін пайдаланбауға үгіттеу емес. Дүйсенбі мен жұма аралығында жеке көліктерін пайдаланбай, қоғамдық көлікке отырса, жол кептелісі азаяды».

Елімізде қоғамдық көлік шығаратын кәсіпорындар бар. Бірақ тасымалдаушылар жаңа көлік алуға қолдау жоқ дейді. Ал жолақыдан түскен қаржы автопарктердің шығыны мен жанармай субсидиясын да өтемейді екен.

Дархан Каюпов, «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы: «Біздің қаладағы автобустардың сапасы мен жасы жағынан өте жақсы. Алматыға қарағанда сапасы жақсы. Қалада субсидия мәселесі соңына дейін шешілмесе де, біраз мәселесі шешіліп келеді. Бұрынғы, қазіргі әкім көңіл бөлуде. Күніне 350 410 халықты тасимыз. Ол үлкен әлеуметтік жұмыс болғандықтан оған бірінші қала әкімі көңіл бөлу керек. Ол үшін оларға рахмет айтамын».

Сыйымдылығы жоғары және таза қоғамдық көліктер тек 3 мегаполисте қаралған. Ал ескілері шағын қалалар мен алыс аймақтар арасында халық саны аз жерде жүреді. Биыл Қазақстан автопарктегі көліктер санын 105 500-ге жеткізіп, рекорд жаңартты. Еске салсақ, былтыр елімізде 10 жылдан асқан қоғамдық көліктерді бастапқы тіркеуге тыйым салатын заң күшіне енген болатын.