Жаңалықтар 

ОҚО телекоммуникациялар дирекциясы ұжымының жетістіктері

Салтанатты жиында ОҚО телекоммуникациялар дирекциясы ұжымының соңғы 20 жылда жеткен жетістіктері айтылды. Жылдан-жылға қызметтің сапасы артып, аясы кеңеюде. Жылдың басынан ОҚО 20426 абонентке телефон орнатылды. Бүгінгі күні филиал 309,4 мыңға жуық тіркелген желіге қызмет көрсетуде.

Нұрлы БЕКТҰРСЫНОВ, “Қазақтелеком” АҚ ОҚО телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры: “Интернет желісіне телефондандырылған мектептерді қосу мемлекеттік бағдарламасы орындалуда. Оңтүстік Қазақстанда барлығы 1022 мектеп телефондандырылды.617 мектеп кеңжолақты интернетті, оның ішінде 60 мектеп кең жолақты интернетті ЕV DO технологиясы арқылы пайдалануда”.

Шымкентте мәлімет таратудың заманауи жолы-5520 портқа оптикалық талшықты FTTH желісінің құрылысы жүргізілуде. Оның нәтижесінде ID Net қызметін ұсыну мүмкіндігі туады.

Мерекелік іс-шара барысында сала қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелі медалімен, салалық “Құрметті байланысшы” наградасымен және облыстық мәслихат, “Қазақтелеком” АҚ және филиалдың Құрмет грамоталарымен марапатталды.

“Құрметті байланысшы” атағымен марапатталғандар:
1.Әбдіманап Өменұлы Қоңыпатбаев, телекоммуникациялар желілерін пайдалану және дамыту қызметінің, телекоммуникациялар желілерін дамыту бөлімінің бастығы

2.Клара Хайруллаевна Расульметова-тұтынушыларды ақпараттық қолдау және сапалы қызмет көрсету орталығының қаларалық/халықаралық байланыс қызметтерін ұсыну және ақпараттық сервис бөлімі бастығы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының грамотасымен марапатталғандар:
1.Токбаева Ольга Кумарбековна, ОҚО ТД Бас директорының орынбасары-Қаржы директоры
2.Роза Сатыбалдықызы Оспанова , ОҚО ОТД Бас директорының орынбасары-Коммерциялық директоры

“Қазақтелеком” АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
1.Бекмұрат Әбдраимов, ішкі аумақтық желілерге техникалық күтім жасау орталығын бастығы
2.Гүлнар Мынбаева, сату орталығының табысты есепке алу және дебиторлық қарыздармен жұмыс жүргізу бөлімінің 1 санаттағы маманы
3.Александр Кретов, ұйымдастыру бөлімінің, талдау секторының бастығы

ОҚО ТД “Құрмет грамотасымен” марапатталғандар:
1.Жамбыл Мүсіров, өндірісті қамтамасыздандыру бөлімі әкімгері
2.Мухаббат Ишметова, сату бөлімінің 5 дәрежелі операторы

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz