Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов жас әнші Бауыржан Нұрымбетовке Елордадан пәтердің кілтін табыстады.
Бауыржан: «Мен мұндай сыйлыққа өте қатты қуандым».
Еңбегінің бағаланып, еленгеніне әнші дән риза. Бауыржан Нұрымбетов алғаш рет өнерге 21 жасында келген. 2005 жылы өткен «Жас қанат » ән байқауында Лауреат атанған. Жақында Бауыржанның орындауында «Асылым ғашығым», «арулар» атты жаңа әндер жарыққа шықты.