2012 жылға арналған ОҚО бюджетінің көлемі нысаналы трансферттер мен бюджеттік несиелердің есебінен 73 млрд. астам теңгеге ұлғайтылуда.  Осыған орай кірістер мен шығыстар да ұлғайтылды. Ең көп қаржы білім саласына бөлінді. 17 млрд. теңге.

Денсаулық саласына шығындар 15 млрд.-қа ұлғайтылды. Халықты ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасады. 2015 жылға дейін 900 елді-мекен сапалы су пайдаланады.

Әлеуметтік нысандардың құрылысы және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға. коммуналдық салаға, жұмыспен қамту және де қоршаған ортаны қорғауға қаржы көлемін бөлу жобасы облыстық мәслихаттың 48-сессиясында қаралып бекітіледі.