Қырғызстандағы энергетика министрінің орынбасары Автандил Қалмамбетов Бішкекте өткен баспасөз конференциясында тәулігіне 3 рет авариялы жағдайға байланысты Орталық Азия елдерінің біріккен энергожүйесінің сөніп қалғандығы жөнінде мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
20-желтоқсанда 3 рет жүйеаралық сөну орын алған, яғни жүйелік автоматика өшіп қалған. Осының салдарынан Қазақстандағы Алматы мен Шымкент және Жамбыл облыстары және Қырғызстан мен Өзбекстанның бірнеше елді-мекендері жарықсыз қалды.
Қырғызстан энергетика министрлігінің мәліметінше, авариялық жағдайдың себебін анықтау үшін комиссия тобы құрылған. Энергетиктердің сөзіне сенсек, қазірде электр жарығы толықтай жалғанып, тұрғындар жарықпен қамтамасыз етілген.