Жаңалықтар 

Пиротехникасыз да мерекені көңілді өткізуге болады

Жаңа жылды жақсы қарсы алғыңыз келсе жарылғыш заттардан аулақ болыңыз.  ОҚО ТЖД қызметкерлері БАҚ өкілдерімен кезекті кездесу өткізіп, облыс тұрғындарына пиротехникалық бұйымдарды пайдалануда аса сақ болуды ескертті. Өрт қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған жөн. Оның үстіне базарлардан пиротехникалық бұйымдарды алғанда оның лицензиясына көңіл аудару қажеттігін баса айтты.

Қай базарға барсаң да саудагерлердің қолында қаптаған пиротехникалық бұйымдар. Бағалары да әр түрлі 50 теңгеден бастап 10 мың теңгеге дейін саудаланып жатыр. Оның қауіптілігі қаншалықты екендігін қарапайым халық қайдан білсін, қалтасы көтерсе болғаны мерекелік көңіл үшін сатып алады.

ТЖД мамандары мұндай пиротехникалық бұйымдардан мүлдем аулақ болуға шақырады. Үстіміздегі жылы облыс көлемінде 791 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 326 млн. теңге материалдық шығын келген. Одан 12 адам қайтыс болып, 11 азамат түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алыпты.

ТЖД мамандары тарапынан 5432 мекемеге тексеру жүргізіліп, 19 мың 600 өрт қауіпсіздігі ережелерінің өрескел бұзылғандығы анықталды. 1310 лауазым иелеріне 14 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ биылғы жаңа жыл мерекелері өтетін барлық нысандар алдын ала тексерілді.

Өртпен су тілсіз жау деп бекер айтылмаса керек. Алайда жыл сайын айтылатын жаңа жылдық отшашулардың мүлдем сатылмауына тиым салудың жалғыз жолы бар екен. Ол тікелей кеденшілерге байланысты. Мұны кездесу барысында ТЖД қызметкерлері ашық мойындады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz