Халық жаңалығы 

Шардараның қантынан қапы қалмаңыз

2011 жыл Шардара қаласы үшін табысты жылдардың бірі болды. Өңірде жыл басынан бері 6 өндірістік орын іске қосылды. Елдің әл ауқатын көтермекке ұмтылып жүрген кәсіпорынның бірі Шардарадағы күріш зауыты. Басшылық қалдықсыз өнім жүйесін ретке келтіру үшін құс фабрикасы мен бордақылау алаңын және жылыжай салуды жоспарлап қойған. Тәулігіне 60 тоннаға дейін өнім өндіруге мүмкіндігі бар мекеме әзірге 1-12 тонна «ақ маржан» шығаруда. Оның себебін зауыттың директоры Қаппар Жұмабаев шикізаттың тапшылығынан көреді.

Шардараның қанты енді сіздің де таңдайыңызды бал таттыруы мүмкін. Тәуелсіздіктің торқалы тойының қарсаңында қант зауыты пайдалануға берілді осы жолы. Зауыт жұмысшылары бүгінде тәулігіне 10 тонна қант қызылшасын өңдеп, 1 тонна таза қант өндіріп жатыр. Тапшылық жоқ емес. Мұнда да білікті маман жетіспейді дейді басшылық жағы.

Жаңа жылдан бастап шағалалы өңір мақта мен пісте және мақсары майларын шығара бастамақ. Сөйтіп, жылына 4-4,5 тонна өнім елдің өзге өңірлеріне экспортталады. Міне бұл Шардара ауданының бүгінге дейінгі жасаған жоспарлы жұмысы. Келер жылы басын қайырмақ ісі де мол.

Шардараның экономикалық ахуалын дамыту үшін 60 мың гектар суармалы жер бүгінде сондағы ағайынның иелігінде.

Күріш пен қызылша, жүгері мен мақсары алқаптарын көбейту арқылы бірер жылда қаржылық жағынан тапшылық көрмейтін аймаққа айналуға дәл осылай ұмтылып жатыр ондағы жұрт.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz