Шымкент қаласының бюджетіне өзгеріс енгізілді

Төртінші шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтті. Онда қала бюджетіне кезекті рет өзгеріс енгізді. Бұл жолы халық қалаулылары Республикалық бюджеттен бөлінген 146 млн. 579 мың теңге нысаналы трансфертті қысқартты.

Қомақты қаражаттың қысқартылуын жергілікті басшылар жыл соңына дейін игерілмей қалу қауіпі бар деген мәселемен қалалық мәслихат депутатарына ұсынған. Нәтежесінде, Асар шағын ауданындағы 280 орынға арналған балабақшадан 210 млн. 48 орта мектептің құрылысынан 136 млн. инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытудан 25 млн. теңге қысқартылды.

Сонымен қатар, 868 млн. теңге көлеміндегі қаржы жоғарыда тұрған бюджет алдындағы борышын өтеуге және қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша қызмет көрсетуге бағыталды. Енгізілген үсыныстардың бәрін бір ауыздан халық қалаулылары ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мекекесі қарсаңында Тәуелсіз республикамыздың әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін бірі қалмай төстеріне медал тақты.