Облыстық маслихатқа үміткерлер тіркелді

373

Өңірімізде 8 азамат жергілікті мәслихатқа өз кандидатурасын ұсынды. ОҚО-да 315 округтық сайлау комиссиясының 50-і облыстық, 29-ы қалалық, қалғаны аудандық.

Берік Торғаутов, ОҚ облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы. «Үміткерлер округтық сайлау комисссиясына өтінішін, өмірбаян дерегін, табысы жөнінде декларациясын, ішкі істер органдарынан азаматтығы және сотталмағаны жөнінде прокуратурадан анықтама тапсырады. Сонымен қатар облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарға депутаттыққа үміткерлерге белгіленген сайлау жарнасы 79 мың 995 теңге».

Үміткерлерді тіркеу желтоқсанның 20 -на аяқталады, 21-нен бастап үгіт жұмыстары басталады. БҰҚ-да әрбір үміткерге насихат жұмысын жүргізу ушін 300 мың теңге бөлінеді. Ол үміткердің қолына берілмейді.