Шымкент аумағы кеңеймек

284

Қаладан Бозарық бағытындағы үлкен айналмалы жолға дейінгі 1.500 гектар алқапқа 185 мың тұрғын қоныстанады деген жоспар бар. Жаңа қаланың егжей тегжей жоспарын жасаған «Град» ЖШС-нің мамандары басты магистрал жолдардың жағасына заманауи үлгідегі көпқабаты үй тұрғызуды дүрыс деп тапқан. Жоспар мақұлданған жағдайда Оңтүстіктің орталық әкімшілігі тап осы жерде болмақ солтүстіке қарай жеке тұрғын үйлер салынады.

Қала өсімінің екінші баламасы Нұрсат шағын ауданының солтүстік бағыты мен Нұртас шағын аудандарын қамтиды. Үшіншісі Төлеби ауданына қарай қазіргі сауран шағын ауданы. Қаланың бас жоспарындағы өзгерістерге қарай мердігерлер 7 егжей тегжей жоспар жасаған.  Нәтижесінде Шымкент қаласы Ташкент және Түркістан бағытарына қарай да өсетін болады.

Шымкент қаласының бас жоспары 1 млн. 200 мың тұрғынға есептелген. Сол себепті егжей тегжей жоспар жасау мұныменен шектелмейді. Нақты жоспар жасалмай құрылыс салу қиын және көп шығынды қажет етеді .