Шымкентте жанармай жайы күн суытқан сайын үдеп барады. Күндізгі уақытта бензин тапшылығы байқалмағанымен, кешкісін жүргізушілер кезекке тұруға мәжбүр. Кейбірі тіпті, бағаның да өзгеріп сала беретінін айтады.
Алайда, барлық стансаларда дизельді отынның мәселесі қиын. Себебі қыстың биылғы ызғарына төтеп бере алмаған жаздық жанармай өнімдері жүргізушілерді кәдімгідей тығырыққа тіреді. Аяз қысқан алғашқы күні-ақ ауыр жүк тасымалдайтын міністер жолда қалып,қаладағы қоғамдық көліктер әдеттегі жұмысына шықпай қалған еді. Қазір дизельді көлік мінетіндер «әупірімдеп әрең жүрміз. Алдағы қыстың шілдесінде жаяу жүретін шығармыз деп алаңдаулы.
Бірақ Шымкентке жақын арада қыстық дизель отыны әкелінбейді. Себебі қысқа арналған сұйық отынды сату кәсіпкерлерге де тиімсіз. Жыл басынан бері дизельдің бағасы 50-80 теңгеге тұрақтап келсе саряы аяз түскелі баға 98 ге бірақ шыққан. Қазір Жүргізушілер жергілікті биліктен қыстық сұйық отынмен қамтуды сұрап отыр.
Қысқы отынның жеткізілмегендігін қалалық көлік бөлімінің өкілдері де растады. Олардың мәлімдеуінше бұл мәселе қанша ышқынып тырысқанымен жақын күндері шешімін табуы қиын.