Жаңалықтар 

Шымкенттегі жаңа үй қайта жөндеуді қажет етеді

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында «Нұрсат» шағын ауданынан баспаналы болған тұрғындарымызға  мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының мамандары мен үй құрылысын жүргізген мердігер компания өкілдері келді. Көпқабатты үй құрылысының сапасы сын көтермейді. Құрылысқа тапсырыс берушілерден нәтиже шығар емес.

Қолданысқа өткен жылы ғана берілген №172-үйдің шатырынан аққан су 5-қабаттан, 4-қабатқа өтіп, тұрғындарды әбігерге түсірді. Жаңа үйден жаңа баспана алған Күлпан  апай ай сайын банкке 38 мың тенге төлейді. Жанұяда жалғыз қызы жұмыс жасайтындықтан бұл отбасы үшін әр тиынды үнемдеу қажет. Алайда, өткен жылы ғана пәтерге жасаған жөндеу жұмыстары зая кетті. Жауын шашында шатырдан аққан су тоқтар емес. Айтылған сөз бен жазылған арызға бірде бір құзырлы мекеме жауап қатпайды.

Тап осындай тауқыметті үйдің 5-қабатын былай қойғанда төртінші қабаттағы тұрғындар да тартып отыр. Шатырдағы қар ерігенше қабырғадан аққан су бірінші қабаттқа да жететін болады деп қынжылды тұрғындар. Олардың шағымының шындыққа жанасатындығын байқауға келген құрылысқа тапсырыс беруші қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің мамандары мердігер мекемені іздестіріп кемшілікті жоюға уәде берді. Ал үйді қолданысқа қабылдау құжатына қол қойған МСҚБ басқармасының маманы мардымды жауап бере алмады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz