Жыл сайын тер төккен спортшылар арнайы аталып өтілді

Қала әкімдігінің үлкен залына жиналған саңлақтарымыз Азия және Әлем жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтап, алға жоспар құрды. Бұл жолы 50-ге жуық жерлесіміз арнайы аталып өтілді. Олардың бапкерлері де естен шығарылмады.

Ляззат Тажиева атындағы №4 спорт мектебінің 31 шәкірті биылғы жылы үздіктер қатарында болды. Олардың арасында Нұрзат Бегасыловпен Айда Арапбаева Әлем чемпионы атанса, 19 спортшы Азияда ептілік танытып, Шым қаланың жүлде қорын медальдармен толықтырды. Сондай-ақ Бүкіләлемдік студенттер универсиядасында Гүлмира Дәулетовамен Гүлісхан Нахбаева шахматтан жүлдеге қол жеткізді.

Шымкентте қалалық 10 спорт мектебі жұмыс жасайды. Олардың арасынан Әлемдік аренада топ жарып жүргендер жеткілікті. Ендігі мақсат спорттық базамен қамтамасыз етіп, олимпиада ойындарына үміткерлер дайындау.

Халықаралық жарыстар енді келесі жылы қайта бастауын алады. Ол дегеніміз Әлем және Азия чемпиондарының қатары әлі де толыға түседі.